Кіші қызының тым қысқа белдемше кигенін көрсеткен Баян Алагөзова «оның аяғы ұзын» деп ақталды (фото)
Белгілі продюсер Баян Алагөзова кіші қызы Айару Бақытбектің қысқа белдемше киіп түскен суретін көрсетіп, «оның аяғы ұзын» деп ақталды, деп хабарлайды Stan.kz.
Баян Алагөзова Instagram желісіндегі парақшасында кіші қызының қысқа белдемше киіп түскен суретін көрсетті. Көпшіліктің жағымсыз пікірлерді қарша борататынын білсе керек, өз кезегінде бірден «қызымның аяғы ұзын» деп ақталды.
«Шындығында, белдемшесі соншама қысқа емес. Тек қызымның аяғы ұзын», – деп жазды Баян Алагөзова.
Анасы көпшілік назарына ұсынған суретті Айару Бақытбектің өзі де желідегі парақшасында жариялаған.
Өз кезегінде желі қолданушылары қысқа белдемше киген 14 жастағы Айаруды сын астына алды.
Жұрттың жағымсыз пікірі мен сынынан шаршаса керек, Алагөзова мен қызы Айару пікір қалдыру мүмкіндігін шектеп қойыпты.
Оқи отырыңыз:
Тимати қазақстандық әншінің ТНТ арнасында «интимді» киім киіп ән айтқанын көрсетті (видео)
Димаш Құдайберген Астана сахнасында қарындасымен бірге өнер көрсетті (видео)