Қырғызстанға қолымыздан келгенше көмектесеміз - Тоқаев
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Нұр-Сұлтанда жүрген Қырғызстанның сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевты қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

Президенттің баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекет басшысы қырғыз министрін құттықтай отырып, біздің елдеріміз бен халықтарымыздың өзара әрекеттесу деңгейіне жоғары баға берді.
"Қазақстан мен Қырғызстан - ең жақын мемлекеттер. Бізді біріктіретін көптеген факторлар бар. Біз бауырлас халықтың болашағы үшін қолымыздан келгенін жасаймыз. Осылайша екі мемлекет арасындағы достықты жаңғыртамыз", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Министрмен кездесу барысында президент саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көлік және су-энергетикалық салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударғаны атап өтіледі.
Еске салсақ, Қырғызстанның сыртқы істер министрі Қазақстаннан көмек сұрады.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған