Қырғызстандағы "Рух Ордо" мәдени орталығынан Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін алып тастаған
Қырғызстанның "Рух Ордо" мәдени орталығының аумағынан Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін алып тастаған. Бұл жөнінде Kaktus media Қырғызстан президенті әкімшілігі жариялаған фотосуреттерге сілтеме жасап жазады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазір экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған ескерткіш "Рух Ордо" мәдени орталығында жоқ, видеолар мен фотоларға қарағанда оны бір жыл бұрын алып тастаған сияқты деп сайт дәлел ретінде бірнеше видео мен суреттерді көрсетеді.
Айта кетейік, 21 шілде күні Ыстықкөл облысының Шолпан-Ата қаласындағы "Рух Ордо" мәдени орталығында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының ІV Консультативтік кездесуі өтті. Шараға Қырғызстан Республикасының президенті - Садыр Жапаров, Қазақстан Республикасының президенті - Қасым-Жомарт Тоқаев, Тәжікстан Республикасының президенті – Эмомали Рахмон, Түркіменстан республикасының президенті – Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан Республикасының президенті – Шавкат Мирзеев қатысты.
- “Назарбаевқа талай ескерту жасадым, бірақ тыңдаған жоқ”: Тұңғыш президенттің экс-кеңесшісі оның жіберген қателіктері туралы айтты
- Болат Назарбаев ауыр халде жатыр - БАҚ
- "Іштей күйіп бара жатса да, сыртқа көрсетпеуі мүмкін": Айсұлтанның өлімін Нұрсұлтан Назарбаев қалай қабылдады
Сайттың мәліметінше, ескерткіш көлге жақын арықтардың оң жағында орналасқан болатын.
"Ескерткіш 2005 жылы 65 жыл толуына орай тұрғызылған. "Рух-Ордоның" жаңа суреттерінде ескерткіш көрінбейді. Ескерткішті бір жылдан астам уақыт бұрын алып тастаған сияқты, себебі ол жақта былтыр демалғандардың видеосында ескерткіш жоқ" деп жазылған сайт ақпаратында.
Қырғызстан президент әкімшілігі ақпаратқа түсініктеме бермеген. Ыстықкөлге Назарбаев ескерткіші 2005 жылы орнатылған. Сол уақытта Қырғызстан билігі Назарбаевқа орнатылған ескерткіштің, қырғыздардың қазақтарға деген махаббатының көрінісі болып табылатындығын мәлімдеген.