Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда сотталушыдан ақша бопсалаған судьялар полициядан қашпақ болып жол апатына түсті

Шу облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының екі судьясы айыпталушыдан ақша бопсалағаны үшін қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Елдің Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз орталығының мәліметінше, шенеуніктерді тұтқындамақ болғанда олар қашуға әрекеттеген. Салдарынан жол апатына түсті. 

“2024 жылғы 2 шілдеде екі судья мен арада делдал болған сот отырысының хатшысы ұсталды. Қырғызстанның бас прокуратурасы 6 мың доллар ақша бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қоғады. Айта кетейік, қамауға алу кезінде судья қызметтік көлігімен полициядан қашпақ болып, жол апатына ұшырады”, – делінген хабарламада.

Тергеу барысында екі судья сот отырысының хатшысы арқылы айыпталушыны ақтап шығу үшін одан 10 мың доллар көлемінде ақша бопсалағаны белгілі болды. Сотталуышы мұндай ұсыныстан бас тартқан соң сот отырысының хатшысы судьялардың нұсқауымен оны бас бостандығынан айырмау үшін 6 мың доллар талап еткен. 

“Қажет соманы алған судьялар ақшаны өзара бөліскен. 2024 жылғы 3 шілдеде Судьялар кеңесінің шешімі негізінде Бірінші май аудандық сотының шешімімен Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу изоляторына қамауға алынды. Олардың қатарында сот отырысының хатшысы да бар”, – делінген хабарламада.

Талқылау