Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда 24 адам - президенттікке үміткер

Қырғызстанда президент лауазымына 24 адам үміткер болып отыр. Бұл туралы сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссияда мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

14 қарашада президенттік сайлауға кандидатураларды ұсыну туралы өтініш беру мерзімі аяқталады. 

Соңғы мәліметтер бойынша, құжаттарды 24 адам тапсырған. Олардың арасында:

  • Әбдікаар Сыдықов - зейнеткер;
  • Адахан Мадумаров - "Бутун Қырғызстан" партиясының көшбасшысы;
  • Азамат Эсенбеков - Шу облысы Мәскеу ауданының бұрынғы әкімі;
  • Аймен Қасенов - РКФР басқармасының бұрынғы мүшесі;
  • Арсланбек Мәлиев - шет елдермен достық және ынтымақтастық жөніндегі қырғыз қоғамдары одағының жетекшісі;
  • Арстан Алай-белсенді;
  • Бақтыбек Қалмаматов - ЖК бұрынғы депутаты;
  • Бектұр Асанов-Жалал - Абад облысының бұрынғы басшысы;
  • Жамбылбек Қамшиев - "Қуудул-Аралаш" ҚҚ басшысы;
  • Жеңісбек Байғұттиев - "Толубай" банкінің директорлар кеңесінің кеңесшісі;
  • Ильгиз Товкеев - жұмыссыз;
  • Қанат Исаев - ЖК экс-спикері;
  • Клара Сооронқұлова - қоғам және саяси қайраткер, Конституциялық палатаның экс-судьясы;
  • Кубан Чороев - экономист;
  • Кубанычбек Қадыров - "Чындық" партиясының көшбасшысы";
  • Мықтыбек Арстанбек - халал-индустрияны дамыту орталығының директоры (жеке компания);
  • Назарбек Нышанов -  белсенді;
  • Нұрлан Мотуев - белсенді;
  • Рашид Тағаев - "Газпром" ОШ филиалының бұрынғы директоры;
  • Садық Шер-Нияз - ЖК бұрынғы депутаты;
  • Сазықбай Тұрдумалиев - "Ұлутман" партиясының басшысы;
  • Тоқтайым Уметалиева - құқық қорғаушы;
  • Урустам Қабылбеков - "Монгу" экофондының басшысы;
  • Элеонора Тұрдыбекова - Бішкек хореографиялық училищесінің меңгерушісі.

Қырғызстан президентінің сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Бұл ретте қазіргі үкімет басшысы мен президенттің міндетін атқарушы Садыр Жапаров президенттік сайлауға қатысу үшін өкілетін 14 қарашаға дейін тоқтатуды жоспарлап отыр.

Қырғызстан конституциясына сәйкес, президенттің міндетін атқарушы сайлауға қатыса алмайды.

Сайлау науқаны кезінде Қырғызстан президентінің міндетін Жогорку Кенештің спикері Талант Мамытов, ал премьер-министрдің міндетін бірінші вице-премьер Артем Новиков атқарады.

Талқылау