Қырғызстанда қылмыстық топтың мүшесі болған Қазақстан азаматы ұсталды
Қырғызстанда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болған Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қазақстан Республикасының ұйымдасқан қылмыстық тобының іздеуде жүрген мүшесі ұсталғанын мәлімдеді.
"Қазақстан Республикасының азаматы 1990 жылы туған С.А.А ұсталды. Ұсталған азамат Алматы облысының аумағында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін құқық қорғау органдарының іздеуінде болған", - делінген хабарламада.
2022 жылдың қараша айында Қазақстан азаматы Қырғызстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені хабарланды. Ол ИНС No21 мекемесіне орналастырылды.
Қазақстанда жекеменшік мектептер мен балабақшаларға жаңа салық енгізілді: Қызмет бағасы қымбаттай ма
Заңгердің пікірінше, 2026 жылы енгізілген 5%-дық мөлшерлеме бизнес үшін бейімделу кезеңі саналады
Ауылға жұмыс істеуге барған қазақстандық бес жыл міндетін орындамағаны үшін мемлекетке 36 миллион теңге қайтаратын болды
Оқиға БҚО-дағы Жәнібек ауданында болған