Қырғызстанда 12 жастағы қазақстандықтың өлімі: Сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді
12 жасар қазақстандықтың Қырғызстандағы тау шаңғысы базасында қаза болуына қатысты сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық консул қаза тапқан баланың туған-туыстарымен және жергілікті құқық қорғау органдарымен байланыста екені хабарлады. Ата-анасына барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуге уәде береді.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, отандасымыз шаңғымен сырғанау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан қаза болды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін 12 жастағы қазақстандық Қаракөл қаласының тау шаңғысы базаларының бірінде сырғанап түсіп жатып, шыршаға соқтығысып, қаза болғаны хабарланды.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды