Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстандағы тау шаңғысы базасында 12 жастағы қазақстандық қаза тапты

Қырғызстанда Қаракөл қаласындағы тау шаңғысы базаларының бірінде қазақстандық 12 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ыстықкөл облысы Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қайғылы оқиға бүгін орын алды.

"Бүгін, түскі сағат 15:00 шамасында полицияға тау шаңғысы базасынан 12 жасар бала трассалардың бірінен түсіп бара жатқанда шыршаға құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы шықты, онда милиционерлер барлық материалдарды жинап жатыр", - деді баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары қазіргі уақытта баланың денесі сот-медициналық сараптама жүргізу үшін облыстық ауруханаға жеткізіліп жатқанын айтты.

Талқылау