"100 мың доллардан астам сыйақы алған": Қырғызстан президентінің немере інісі тағы да ұсталды
Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың немере інісі Ұлан Жапаров тағы да ұсталды. Ол ірі алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kg басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Ia-centr.ru
Бішкектің Бірінші Май аудандық соты 21 маусымдағы сот қаулысымен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Бішкек қаласы бойынша тергеушісінің өтініші қанағаттандырылғанын хабарлады. Ұлан Жапаровқа қатысты 19 тамызға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Бұл жолы Жапаровты Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстаған.
Кей мәліметтер бойынша, Қырғыз Республикасы президентінің немере інісі белгілі бір қызметті іске асыруға уәде беріп, бұл үшін 100 мың доллардан астам сыйақы алған. Алайда уәдесін орындамаған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлан Жапаров сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталған еді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, кейіннен босатылған.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Тапқан ақшаның 50%-ын мен алсам, қалған жартысын өзі алады және бізді қорғайтын адамдарға береді"