Қырғызстан президентінің жиені Ішкі істер министрінің қызына үйленді
Қырғызстан Ішкі істер министрі Ұлан Ниязбеков қызын ел президенті Садыр Жапаровтың жиеніне тұрмысқа берді. Сөйтіп, Жапаров пен Ниязбеков құда атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Kaktus.media порталына сілтеме жасап.

Той кезінде түсірілген сурет. Дерекккөз: Kaktus.media
Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптылар бұрыннан таныс. Бірнеше апта бұрын олар қыз ұзату рәсімін жасаған. Той 17 желтоқсанда Бішкектегі "Асман" мейрамханасында өткен. Мерекелік басқосуға бірқатар жоғары лауазымды тұлғалар мен саясаткерлер шақырылған. Ал мейрамхананың кіреберісіне металл іздегіші бар күзетшілер қойылғаны жазылады.
- Шейхтың аспаздарына шеберлік сабағын өткізеді: Зейнеткер әйел шейхтен Абу-Дабиге шақырту алды
- "Оңбағандар": Алмазбек Атамбаев сот отырысына қатысудан бас тартты
Той уақыты кезінде қонақтарға ұялы телефондарды немесе кез келген басқа жазу құрылғыларын пайдалануға рұқсат етілмегені айтылады. Ал тойға мемлекет басшысының қатысқан немесе қатыспағаны әзірге белгісіз.
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн
Ұлттық банк шешімінен кейін банктер жаңа депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетуі мүмкін
Ақша-кредит саясаты мен базалық мөлшерлеменің экономикаға әсері белгілі бір уақыт өткеннен кейін байқалады.