Кино жұлдызы қатерлі ісіктен қайтыс болды
Болливуд жұлдызы Риши Капур қатерлі ісіктен қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The New York Times басылымына сілтеп хабарлайды.

Үнді әртісіне 2018 жылы лейкемия деп диагноз қойған. Ол емделу үшін Нью-Йоркке көшіп келіп, өткен жылдың қыркүйек айында туған қаласы Мумбаиға қайта оралған еді. Әртіс 67 жасында қайтыс болды.
Оның атасы Притхвирадж Капур, әкесі Радж Капур, ағасы Рандхир және Раджив, сондай-ақ оның ұлы мен немерелері және жиендері де киноға түседі.
Риша Капурдың ең танымал жұмыстарының ішінде — "Тірі тұрғанда", "Соқыр махаббат", "Аздап махаббат, аздап сиқыр", "Жыл студенті", "Сен және мен", "Бобби", "Отты жол", "Махаббаттың бүгіні ме өткені" және "Амар, Акбар, Антони" сынды киноларды атап өтуге болады.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады