Кіндікті не себепті жауып жүру керек: Этнограф-ғалым түсіндірді

Отандық этнограф-ғалым Болат Бопай адам баласының бойына біткен ең құпиялы және тылсымы күшті мүше кіндік дейді. Сондықтан оны жылы ұстап, сырт көзден жасырын ұстаған абзал екен. Себептерін Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында атады. 

Адам баласының бойына біткен кіндік - ең құпиялы және тылсымы күшті мүше. Тарқатып айтайын. Бала ананың ішінде жатқан да кіндікпен қоректеніп дәрумендерін алып отырады. Бірақ кейін кіндікті кесіп тастайды. Оның орын денемізде шұңғылданып бітеді. Оның да өзіндік сыры бар.

Адам атаны жаратқанда оның топырағын жерге қырық жыл салып қойды деп деректерде кездеседі. Сол топырақтың үстіне 39 жыл мехнат жаңбырын, 1 жыл мизам жаңбырын жаудырған.

Бір күні шайтан мен Ібіліс бірге келеді. Адам атаның үстінен айналып-айналып: "Құттың, күннің нұрынан жасалған мен тұрғанда балшықтан адам жасап, не істегелі жүр?" деп шайтан Адам атаның қарнын қағып өтіпті.

"Үңгірлеген дыбыс шықты, ішің қуыс екен азғыруға оңай көнерсің" деп қарнына шайтан түкіріп кетеді. Оны көрген Жәбірейіл періште түкірген жерін ойып алып тастайды. Ойып алып тастаған топырақтан итті жасайды. Итте үш қасиет содан пайда болған. Бірінші, адамның кіндік топырағынан жасалғаннан, ырзығы адамнан болды. Екінші, періштенің қолы тиіп қалғаннан, сақ құлақ болды. Үшінші, шайтанның түкірігі араласқаннан, адамдарды қауып алатын болды. Ит - жеті қазынанның бірі деген содан қалған деген сенім бар.

Содан ойып алып тастаған жерден кіндік пайда болған. 

Кіндік - түнгі құлақ. Өйткені ұйықтап жатқанда құлағымыз естімейді, дене мүшелерінің барлығы өз жұмысын тоқтатады ғой. Жүрек қана қағып жатады.

Қазақта қабырғаңмен кеңес деген сөз бар. Қабырға деген антенна. Қазақ бұл сөзді тіке мағынасында әйеліңмен ақылдас, жолдасыңмен кеңес деп ұғады.

Негізінде қабырғаң арқылы кіндік "информация" алып жатады. Қазақ "қу ішім қылп ете қалды", "ішім пысты" дейді. Басым пысты деп жатқан ешкім жоқ. Одан бөлек "ішінде ит өліп жатыр екен", "іші арам", "ішінен ала жіп айналмайды", "ішіне құрық байламайды", "ішінен пышақ айналмайды" соның барлығы кіндік деген тылсыммен байланысты. Сондықтан кіндікті жауып жүру, жылы ұстау деп жиі айтып жатамыз. Аурудың барлығы кіндіктен болады.

Кіндік тылсымның құлағы деп те айтады. Жатқан кезде көп ақпаратты кіндік арқылы аламыз. "Ішім сезді" деп айтып, жан дүниеміз сезіп отыр деп түсінеміз. Бірақ барлық сырттан келетін ақпаратты және тылсым сигналдарды кіндік арқылы қабылдап отырамыз. 

 

Дайындаған: Жанна Мәлік

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 4 жасар бала 100 теңгені жұтып қойып, бір өлімнен аман қалды

Жүз теңгелік монетаның диаметрі кішкентай бала тұрмақ, үлкен адамның өңешін бітеп тастайды

Экономистер жиналған қаражатты зейнетке шыққанға дейін пайдалануды ұсынды

Мамандар елімізде алты миллионнан көп адамның үй-күйсіз жүргенін негізге алды

"Манчестер Юнайтед" футболшыларын Нұр-Сұлтандағы өмір шошытты

Футболшыларға елорда көшелерінде ұзақ жүрмеуге кеңес берді

Бекболат Тілеухан: Педофилдердің жақсылап тұрып басын жұлып алушы едім

Депутаттар Тараздағы мектеп әжетханасында оқушы қыздың зорланғанына алаңдаушылық білдірді

Алматыда маньяк жүр: Ер адам 12 жастағы оқушыға пышақпен тап берді

Қазір қаскөйді тәртіп сақшылары іздеп жатыр

Қазақстанда есірткі жарнамасы бар 8 баннер анықталды

Олардың жарнамалық компанияның тапсырысымен орнатылғаны атап өтілді

Таразда зорланған оқушы үшін облыстық білім басқармасының басшысы қызметінен кетті

Зорлау фактісі бойынша тергеу жалғасуда

Ерболат Беделхан: Әйелдер денелі еркектерден шаршады

Ninety one продюсері: Әйелдер қазір өз күтіміне немқұрайлы қарамайтын жігіттерді қалайды

Алматыда ер адам оқушы қызға шабуылдады

Алматы полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді

"Камерадан қылмыскердің аңдып жүргені байқалады, бірақ ешкім көрмеген": Заңгер Таразда зорланған оқушы туралы

Заңгер: Бақыламайтын болса, камераны не үшін орнатты?
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр