"Кіндігін өз кесті": Айсәуле Бақытбек босану бөлмесіне күйеуімен бірге кіргенін айтты
Танымал продюсердің қызы Айсәуле Бақытбек алғашқы жүктілігін есіне алды. Блогер күйеуінің өзіне қалай қолдау көрсеткенін баяндап берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/aissaulebakytbek
“Күйеуіңіздің босану процесіне қатысуына қалай қарайсыз?” деген оқырман сауалына Айсәуле: “Мен босанғанда күйеуім жанымда болды. Онсыз не боларын елестете де алмаймын. Өзі жалғыз босанатын әйелдердің батылдығына бас иемін. Босанып жатқанымда ол есіктің сыртында: “Айса, мен сенімен біргемін” деп айғайлап тұрды. Кейін ішке кіріп баланың кіндігін өзі кесті”, – деп жауап берді.

Айта кетейік, бұған дейін блогер өзінің екінші сәбиіне жүкті екенін жария еткен болатын.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі