Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзованың қызы екінші сәбиін күтіп жүр

Танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек қалың көпшілікке жүкті екенін жария етті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

©instagram.com/aissaulebakytbek

“Екінші сәбиімізді күтіп жүрміз. Байлығым”, – деп жазба қалдырды ол.

Айсәуленің айтуынша, жүктілікті жоспарлап, тіпті сәбидің есімін де ойластырып қойған. Блогер оқырмандарынан қазақи, ерекше есімдерді білетін болса, өзімен бөлісуін өтінді.

“Екінші рет босануға қорықпадыңыз ба?” деген оқырман сауалына ол: “Білмеймін, бірінші рет босанғанда “Түу, айтарлықтай қорқынышты емес екен. Тағы да босануға болады” дегенім есімде. Оның үстіне, маған қолдау көрсетіп, көмегін аямайтын жандар бар. Ана болудан рахат аламын. Отбасыңызда бәрі жақсы болса, денсаулығыңызда ақау болмаса, күтуші жалдауға жағдайыңыз жетсе, неге босанбасқа? Күйеуімді кездестірген соң оған: “Сендей ер азаматтан туа бергің келеді” дейтінмін және солай болды. Алла қаласа, қызыма ең жақын жанды дүниеге әкелемін”, – деп жауап берді Айсәуле. 

 

 

Талқылау