Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кімді жақсы көресіз? Танымал блогер Тоқаевпен бірге түскен видеосын жариялады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық блогердің ерекше сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақ тіліндегі видеоларымен танымал блогер Алексей Лодочников TikTok желісінде Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге түсірілген видеоны жариялады.

Лодочников мемлекет басшысына сауал қойды. 

“Менің президентім – краш деп жазып жатыр. Сіз жастардың кумиріне айналдыңыз. Ал сіздің крашыңыз кім?”, – деді блогер. 

Президент оған “әрине, жастар, сіздерге зор үміт артамын” деп жауап берді.

 

@lodochnikov_

Президент: Мой краш - это молодёжь 🔥 А кто твой краш?😍

♬ оригинальный звук - Алексей Қайықбаев

Видео бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өткен Ақорда резиденциясында түсірілген.

Шарада спикерлердің бірі ретінде Алексей Лодочников сөз сөйледі.

Айта кетейік, краш (ағылш. crush) – сөзі шын ұнататын адам; адамның жандүниесіне ләззат сыйлайтын нысан деген мағына береді. 

Талқылау