Ким Чен Ын тағы да "ғайып" болды
Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын тағы да белгісіз себептермен жоғалып кетті. Бұған New York Post назар аударды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Газеттің жазуынша, ол 12 күннен бері көпшілік алдында көрінбеді және ешқандай мәлімдеме жасамады.
"Мүмкін, ол расында да зауыттардың лентасын кесетін шығар...Бірақ біз бұл фотосуреттердің шынайы екенін тексере алмаймыз", - деп мәлімдеді АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Роберт О'Брайен.
2 мамырда желіде тыңайтқыш өндіретін зауыттың ашылу салтанатынан кадрлар пайда болды, онда Ким Чен Ын салтанатты түрде лентаны кескен. Ауру туралы қауесеттерге қарамастан суретте КХДР көшбасшысы сау көрінген.
15 сәуірде Ким Чен Ын атасы, КХДР негізін қалаушы Ким Ир Сеннің туған күнін атап өтетін рәсімге келмеді. Ким Чен Ыннің болмауына байланысты саясаткердің қайтыс болуы немесе ауруы туралы қауесеттер пайда бола бастады. Солтүстік Кореяның көшбасшысы на қатысты өз бетінше тұра алмайды, қалыпты жүре алмайды немесе "вегетативтік күйде" деген болжамдар айтылды.