Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ким Чен Ын 10 жастағы қызын мұрагерлікке дайындап жатыр – Оңтүстік Корея барлау қызметі

Cолтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын соңғы кездері жас қызын зымыран сынақтарынан бастап әскери шерулерге дейін бірге алып жүр. Оңтүстік Кореяның барлау қызметі оны Ким Чен Ынның мұрагері болуы мүмкін екенін айтып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Reuters

Алайда Ұлттық барлау қызметі (NIS) Пхеньянның "мұрагерлікке" қатысты жоспарларының әртүрлі нұсқаларын әлі де қарастырып жатқанын атап өтті (елді Кимдердің үшінші буыны басқарарып отыр).

Ким Чжу Э алғаш рет әкесімен бірге 2022 жылдың қарашасында жаңа құрлықаралық “Хвасон-17” баллистикалық зымыранының сынағына келді және содан бері барлық маңызды іс-шараларға үнемі қатысып жүр. Ол шамамен 10 жаста. Айта кетсек, Кимнің де, оның әйелінің де, балаларының да нақты туған күндері ресми түрде жарияланбаған.

"Оның қоғамдық қызметін мұқият талдай келе көпшілік алдында үнемі шығып, құрметке ие болуынан Ким Чжу Е-ні ең ықтимал мұрагер деп болжауға болады", — делінген NIS мәлімдемесінде.

"Алайда біз басқа да мүмкіндіктерді қарастыруды жалғастырамыз, өйткені Ким Чен Ын салыстырмалы түрде жас, оның денсаулығына қатысты ерекше проблемалар жоқ және көптеген басқа да факторлар бар".

Фото: Reuters

Корея Республикасының бірігу министрі Ким Ен Хо желтоқсан айында баспасөз мәслихатында Солтүстік Корея басшысының мұрагеріне қатысты пікір білдірген болатын.

"Ким Чен Ынның қызына үнемі назар аударуы Солтүстік Кореяның күрделі ішкі жағдайлар аясында билік сабақтастығына қатысты ниеттерін көрсетуге асығып келе жатқанының дәлелі ретінде қарастыруға болады", — деді ол.

Солтүстік Кореяның сыртқы бақылаушылары өз кезегінде, Чжу Э-ні Кимнің сүйікті қызы деп ресми түрде дәріптеген жергілікті БАҚ қазір оны құрметті деп атайтынын атап өтті. 

Солтүстік Корея азаматтарын туғаннан бастап Кимдердің бойында қасиетті қан ағып жатыр және олар ел басқаруға арналған деген ойға бой алдырады. Сондықтан Ким Чен Ын бұл дәстүрді жалғастырғысы келетініне күмән жоқ, өйткені Кимнің төртінші буыны билік басына келетініне сенімді болғысы келеді. 

Әзірге қызы әкесінің соңынан еріп жүр. Жақында, желтоқсан айында олар “Хвасон-18” құрлықаралық баллистикалық  зымыранының сынағына бірге қатысты.

Сарапшылардың пікірінше, Ким Чен Ын қызын ерте жастан көпшілікке таныстыра отырып, билік оған ауысқанша халықтың көзі үйреніп кететінін солайша көшбасшылық позициясын өзіне ала алады деп сенеді

Сондай-ақ, Ким осылайша Солтүстік Кореяның патриархалдық қоғамындағы басшылық лауазымдардағы әйелдерге деген көзқарастарды өзгертемін деп үміттенеді.

Талқылау