Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қылмыс әлемінің серкесі "Серік-голова" сотталды

Алматыда қылмыстық ортада "Серік-голова" немесе Башка деген атпен танымал Серік Жаманаев сотталды. Сот оны кінәлі деп тауып, 19 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сот үкімі бойынша Жаманаев 14 жыл қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде болады. Тағы бес жыл толық қауіпсіз мекемесінде жазасын өтейді. 19 жыл жаза мерзімін мемлекеттік айыптаушы сұраған еді.

Еске сала кетейік, Серік Жаманаев ҰҚТ құрды деп айыпталған. Прокурордың айтуынша, оның қылмыстық тобының әрекеттері абайсызда адамның өліміне әкеп соққан.

Серік Жаманаев ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі "ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оған басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу", ҚК-нің 194-бабы 4-бөлігінің 1-тармағы "адамдар тобының аса ірі мөлшерде күш қолданып жасаған қорқытып алушығы", ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі "абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша айып тағылған.

Серік-башканы 2020 жылдың ақпан айында ҰҚК қызметкерлері ІІМ-мен бірге ұстады. Оның алты серіктесін де құрықталды. Олардан қару-жарақ пен көп ақша тәркіленді.

Сот Жаманаевтан мемлекет кірісіне 1,7 миллион теңге, 6,5 мың доллар және Chrysler көлігін тәркілеу туралы шешім қабылдады. Оған қоса, бір жәбірленушінің  моральдық зиянын өтеу үшін сотталушыдан 1,2 миллион теңге алынады.

Сонымен қатар сотта қылмыскерлерді ұстау кезінде тәркіленген атыс қаруын жою туралы шешім қабылданды.

Судья Жаманбаевқа шығарған үкімді түсіндіріп өтті.

"Бұл адам заңға бағынып, өмір сүргісі келмейді. Бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылғаннан кейін ол бір ай ішінде жаңа қылмыс жасау үшін ұйымдасқан топ құрды. Бұл оны қайта тәрбиелеу қоғамнан оқшаулау жағдайында ғана мүмкін екенін көрсетті. Сондықтан сот осындай қатаң жаза тағайындады, яғни прокурордың ұстанымымен келісті.

Сот сотталушы бостандықта болған бір ай ішінде 1,7 миллион теңге және 6,5 мың доллар табыс тауып, қымбат көлік сатып ала алмайды деген қорытындыға келді. Бұл оның қылмыстық әрекетінің жемісі. Мұның бәрі мемлекет кірісіне тәркіленді", - деді судья.

Айта кетейік, Серік-башканың сыбайластары жазасын қауіпсіздігі жоғары ҚАЖ мекемелерінде өтейді:

Руслан Балабеков 6 жылға сотталды;
Рустам Балабеков - 10 жылға;
Азизжан Асматуллаев - 7,5 жылға;
Абдугани Асматуллаев - 8 жылға;
Данияр Тәжібаев - 9 жылға;
Айбек Джейтенов - 6 жылға;
Илья Таранов - 8,5 жылға;
Олег Аква - 8,5 жылға;
Ахмед Алладдинов - 6 жылға;
Назима Мамедова - 8,5 жаста.

Олардан тағы бір зардап шегушіге 10 миллион моральдық зиян өтеледі

Талқылау