Кілем, сабын және панама. Келесіде не болады? ForteBank брендтелген өнімдердің ерекше топтамасын шығарды
ForteBank бұрын-соңды болмаған брендтелген банк өнімдерін шығару бойынша жоба жариялады. Қазірдің өзінде алғашқы топтамасы @iamfortekz Instagram парақшасында ұсынған. Дегенмен өнімдерді ақшаға сатып алуға болмайды – тек Forte экожүйесі ішіндегі әрекеттер үшін ғана алуға болады. Әрбір зат банктің клиенттерін күшті, креативті, батыл болуға және ұялмауға шабыттандырады. Күш бойыңда!
I AM FORTE жобасында ForteBank брендтелген өнімдеріне дәстүрлі көзқараспен қараудан алшақтайды. Олар жарқын, стильді және дизайн тұрғысынан ойластырылған ғана емес, сонымен қатар креативті және мықты болып келеді. уы мүмкін. Олар конференц-залдарда ғана қолданылмайды.
Әрбір маусымда @iamfortekz инстаграм аккаунтында заттар топтамасы шығады. Оларды көргенде "Мынаны дәл қазір алғым келеді!" дейтін боласыз. Киімнен бастап тым ерекше және күтпеген нысандар туралы кейінірек білетін боласыздар. “Күш бойыңда” алғашқы топтамасы біздің мықты, жарқын, әлемді өзгертетін клиенттерімізге арналады. Ол үш бөліктен тұрады.
Бірінші бөлікке енген заттар:
- Kilem – маджента түсті еденге төселетін кілем,
- Sabyn – кілегей қосылған, құлпынай хош иісті, қолдан жасалған сабын
- Qalpaq – стильді теріден тігілген панама.
Барлық өнімдерді Forte секілді стандартты емес және назар аудартатын нәрселер жасауға қызығатын қазақстандық компаниялар және дизайнерлер жасайды.
“Осы жылы банк “Күш бойыңда” (“Сила на твоей стороне”) жаңа имидждік кампаниясын іске қосты. Ол қазақстандықтарды әлі күнге дейін қандай да бір себептермен қолжеткізбеген жетістіктерге жетуге шабыттандырады, оларды өздеріне сенуге, күшті, жігерлі болуға шақырады және ForteBank өнімдерімен қолдайды. I AM FORTE жобасы – осы идеяның логикалық дамуы: біз банктің айдентикасы мен позициясына сәйкес ішкі күш-жігер мен креативті батылдықтың көрінісі болатын заттар шығарғымыз келеді”, – дейді ForteBank маркетингі жөніндегі директоры Антон Ким.
Заттардың әрқайсысының саны шектеулі және оларды ақшаға сатып алуға болмайды.
Қалаған "өнімді" ForteBank қосымшасының ең белсенді қолданушылары ғана белгілі бір әрекеттерді орындау арқылы ала алады: күні бойы кез-келген 10 нәрсе сатып алу, тәулігіне 20 бар/мейрамханада кез-келген сомаға төлем жасау, аптасына 50 тамақ жеткізуге тапсырыс беру немесе басқа да әрекет жасау.
Екінші және үшінші бөліктер бірнеше аптадан кейін жарияланады. Stay tuned! Біз енді бастадық:)
Жобаның Instagram аккаунты: https://www.instagram.com/iamfortekz/