Киіз үйде түнеген: Із-түссіз жоғалған зейнеткер Асы үстіртінен табылды
Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы Асы үстіртінен 67 жастағы ер адам табылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеокадрдан скриншот жасалған
Министрліктің дерегінше, 1957 жылы туған ер адам Еңбекшіқазақ ауданы Асы үстіртіне жолға шыққан. Жолда ол көліктен түсіп, жаяу жүрген.
Бірақ жол ұзақ болғандықтан, 67 жастағы ер адам жол бойындағы киіз үйде түнепті.
Республикалық жедел-құтқару жасағы ер адамды тауып, ұлына тапсырды. Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Еске салайық, бұған дейін Абай облысы Семейде бір тәуліктен астам жоғалған бала табылғанын жазған едік. Тәртіп сақшылары баланы полиция бөліміне жеткізіп, сұхбат алды. Психологтың қарауынан өткен бала ата-анасына тапсырылды.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда