Киев метросында нәресте дүниеге келді
Бүгінде Киев тұрғындарының панасына айналған метрополитенде нәресте дүниеге келді. Украина халқы үшін ауыр сәтте өмір есігін ашқан сәбиге Мия деген есім берді. Бұл туралы бұрынғы халық депутаты Анна Гопко мәлемдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мия осы түні дүрбелеңнің ортасында – Киевті жарып жатқан кезде дүниеге келді. Анасы бақытты. Біз өмір мен адамзатты қорғаймыз", – делінген жазбада.
Әлеуметтік желі қолданушылары осындай қиын уақытта дүниеге келген балаға құттықтауларын білдірді. Ал анасын батырға теңеді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған