Киелі мекен: Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы тарихи-мәдени нысандардың аумағы тазартылды
Қоршаған ортаны қорғау – әрбір азаматтың басты парызы. Осыған орай, Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы бастау алды. Сыр өңірінде де аталмыш бастаманы қолдау мақсатында "Таза Қазақстан - таза аймақ" атауымен игі бастама жалғасын тапты.


Осынау игі шарада Жалағаш ауданындағы киелі нысандардың бірі - Бұқарбай батыр және Ұлы Отан соғысы ескерткішінің аумағы тазартылды. Сонымен қатар, жалағаштықтар кесене аумағына ағаш көшеттерін отырғызып, күл-қоқыстардан тазартты. Бұдан бөлек, аудан аумағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер мен музейлер аумағы да толық тазартылды.

Шараға еріктілер, кент тұрғындары, мәдениет және өнер саласының қызметкерлері өз үлестерін қосты.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"