Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қыдырәлі аға жауап берген жоқ": Нұржан Қалжан экс продюсерімен қарым-қатынасын айтты

“Бұлбұл құсым жырақтама” деп ән салған Нұржан Қалжан өнердегі достарына реніші барын жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: https://www.instagram.com/nurzhan_halzhan/

Жақында өнер иесі “Қазақстанның құрметті азаматы” атағын алды. Ол Assyltas TV арнасына сұхбат беріп, өнерді қолға алып жатқанын айтты. 

“Кезінде әніміз хит болып тұрғанда, айналамды жанашырым көп еді. Басыма іс түсіп, өнерден алшақтағанда ешкімді таппай қалдым. Дүниеде басыңа күн шығып тұрса, қасыңда адам да көп болады екен. Соны түсіндім. Өйткені сенде ақша да, атақ та, жағдай да бар. Ол кезде сен дұрыс істемесең де, ақтап алып, сөзіңді сөйлейтіндер табылды. Бірақ басыңа іс түскенде айналаң да іріктеліп қалады екен. Бұрынғы Нұржан болмай қалғанымда, шын достарымды таппай қалдым. 10 жылдай өнерден алшақтап, қол үзгенімде жанымда ешкім болмады. Сол кезде адамдар, қасыңда жүрген достар сенікі дұрыс болып тұрса да, қазір хит болып жүрген жас баланы жақтап кеткен жағдайға куә болғанмын”, – деп күйінді әнші. 



Сонымен қатар эстрада жұлдызы Қыдырәлі Болмановқа қатысты да пікір білдіріп, қатты сыйлайтынын жеткізді.

“Мені сахнаға дайындап, өнердің қыр-сырын үйреткен ағама алғысым шексіз. Реніш-өкпе өткеннің еншісінде қалды. Қазбалаудың қажеті жоқ. Ақшаға қатысты мәселелер де болғаны жасырын емес. Бет көріспей кеткен жоқпыз. Бір салада жүрміз. 40 жасқа толған туған күніме шақырып, жеке нөмеріне шақыру жібердім. Жауап берген жоқ. Қарақат апайымызға да жібердім. Ол кісі де жауап жазбады. Мен оған ренжімеймін”, – деді өнер иесі.  

Бұған дейін, "Майра Ілиясованың арқасында алдым" деп Нұржан Қалжан "Қазақстанның құрметті азаматы" атағын кімнің арқасында алғанын жасырмаған еді. 

Талқылау