Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Халықаралық емтихан тапсырған алматылық оқушы елді таңғалдырды

Алматылық оқушы Ақназар Қажымұрат емтиханда ерекше қабілетін көрсетті. Ол максималды балл жинады.

“Ақназар Қажымұрат Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы. ACT  және SAT Subject Test тапсырып ең максималды 63, 2400 балын жинады”, – деп жазылды Facebook парақшасында.

Бұл емтиханды америкалық оқушылар оқу орындарына түсу үшін тапсырады. Ең қымбат оқу орнына түсу үшін ACT-тан жинаған бал 30-дан асу керек. Subject Test де осындай мақсатта профильді пәннен тапсырады.  Алматыдық оқушы тестті математика, физика, биология пəндерінен тапсырды.

Оған беделді оқу орнында оқу мүмкіндігу туды. Ақназар Гарвард университетін таңдап отыр.

Ақназар білімімен көптен бері көзге түскен. Талай жарыста топ жарып, үздік нәтиже көрсетті. Мақтау қағаздары мен медаль еншіледі. Қытайдағы  S.-T Yau High School Science Awards олимпиадасынан да жеңісті оралған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау