Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кездескен соң 4 күн өткенде үйлендік": Айкөл Әлікжанова күйеуі "Дикий" Арманмен қалай танысқанын айтты

"Дикий" Арманның (авт. – Жұмагелдиев) жұбайы Айкөл Әлікжанова жолдасымен қалай танысқанын айтты. Қырғызстан аруы қиын сәтте қолдау көрсетпеген жұлдыздарға ренішін білдірді. Әрдайым жолдасына қолдау көрсетуге дайынмын дейді өзі. 

Бұл туралы "Ответь Бажкеновой" бағдарламасында айтты.

2014 жылы Қырғызстанның ару атанған Айкөл ханым Арман Жұмагелдиевпен қалай танысқанын баяндап берді. 

“Осыдан екі жыл бұрын Арманмен таныстым. Оған дейін ол туралы білмейтінін. Маған құрбым айтты. Одан бөлек өзім құрметтейтін досым бар еді. Ол да Арманды мақтады. Исламда бұл құптарлық іс. Солайша Арман екеуміз алдымен телефонен таныстық. Кейін Стамбұлда кездестік. Маған оның есімі ұнады. Сосын суреттен түрі ұнады. 1 наурыз күні таныстық. 5 наурыз күні кездестік. Ал 9 наурыз күні үйлендік. Бір-бірімізді ұнаттық. Ол мені де, ата-анамды да көндірді. Солай ойда-жоқта тұрмыс құрдым. Түркияда тұрдық. Бішкекте жұмыстарым қалды”, – дейді ол. 

Айтуынша, пандемия кезінде әкесінен айырылып, отбасы қара жамылған. Бұл сәтте жолдасының қолдауы зор болғанын мойындайды. 

“Біз үйленген соң бір апта өткенде мен Бішкекке кеттім. Жұмыстарымды реттеу керек болды. Сол сәтте пандемия басталып, 4 ай үйде жаттым. Әкем өмірден өтті. Бұл кезде Арман қолдау көрсетті. Мен Арманға сене алатынымды, оның нағыз азамат екенін, оның арқасүйер азамат екеніне сол сәтте көзім жетті”,- дейді Әлікжанова. 



Айкөл Әлікжанова қызы үшін күресетінін айтты. Ал жолдасына қолдау көрсете алмаған жұлдыздарға өкпесі қара қазандай. 

“Арман қанша адамға көмектесті. Қанша әншілерге көмектесті. Оны қанша адам сыйлайтын еді. Үлкені де, кішісі де құрметтейтін. Өнерде жүрген жұп бар еді. Оларға қалай  қолдау көрсеткенін өз көзіммен көргенмін. Ал енді біз қиналған сәтте олар не жауап бермейді. Түк болмағандай кейіп танытты. Бізге қолдау көрсетпеді”, – дейді ол. 

Қырғызстанның бұрынғы аруы әділдік жеңеді деп сенеді. 

“Бұл күндерді де жеңеміз. Бәрі жақсы болады. Бұл күндерден де жақсы күндер туады. Мен ешкімге көз жасымды көрсеткім келмеген еді. Алла әділ. Әділдік орнайтынына сенемін. Қазір қызым үшін күресемін. Қызымның күлгені маған күш береді”, – деді Әлікжанова. 

Айта кетсек, Алматы қаласында ҰҚКД-ның алты қызметкері "Дикий Арманның" қылмыстық тобы ұрлап кеткен 24 азаматқа азаптаулар қолданды деген күдікке ілінді. Нәтижесінде, барлық жәбірленуші  дене жарақатын алып, бір адам көз жұмды. Алматы облысы ҰҚКД-ның тағы екі қызметкері бұрын уақытша ұстау изоляторында ұсталған адамды ұрып-соғып, өлтірді деген күдікке ілінді.

Бұған дейін Айкөл Әлікжанова президент пен Қазақстан тұрғындарына бейне үндеу жолдап, Арман Жұмагелдиев үшін араша сұраған еді.

Талқылау