Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кеудемнің ашық тұрғаны – ұят емес": Баян Мақсатқызы хейтерлерге үндеу жасады

Белгілі продюсер, актриса Баян Мақсатқызы әлеуметтік желіде тиісіп, сынайтындарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Өнер иесінің айтуынша, хейтерлердің сөзіне мән бермей, алға қарай дами беретін көрінеді. 

“Шоу-бизнестің қазанында қайнап жүргеніме – 30 жыл толды. Отыз жылдан бері маған хейт жазады. Кімдердің не жазатыны маған жақсы таныс. Бүгінде олар менің еңбегім мен жұмысымды жоққа шығарғылары келеді. Достар мен дұшпандар, мен ешқашан ешкімнің сөзіне ерген емеспін. Жан дүнием нені қаласа, соны жасадым. Хейт есту, оны көтеру – қиын. Бірақ әрқашан мен алға жылжып, сүйікті ісіммен айналыстым. Нәтижелі еңбек ететініме сендім. Қазір мен өз армандарым мен тілектерімнің басқа деңгейінде жүрмін. Дүниежүзі Қазақстанмен ғана шектелмейді. Оның мың бояулы екенін бәріміз білеміз. Менің тілегім – шығармашылығымыз еліміздің шекарасынан асып кетсе, қыздарымыз, өнеріміз шекарамыздан тыс жерде таңғалдыру. Ол үшін алдымен өзіңіздің шекараңызды кеңейтуіңіз керек. Ешқашан ештеңеден қорыққан емеспін, бұдан әрі қарай да қадам баса беремін. Маған ақыл айта беріңіздер, бірақ бәрібір мен өз қалауыммен жүремін. Ешқашан өткенмен өмір сүрмеймін. Бұл сөзім көп адамға ұнамайды, сондықтан мені де ұнатпайды. Ал маған ол сенімділік пен күш береді”, – деп жазды актриса. 



Сонымен қатар шоу-бизнес өкілі ашық-шашық киінсе де сынға қалатынын жасырмады. 

“Мына фотода кеудем ашық тұр. Кеуде де әйел денесіндегі қол немесе аяқ сияқты бөлігі. Бұл – ұят емес. Қысқа белдемше киемін. Ол да құдайдың жаратқан дене бітімі. Ал біз соны ашық көрсеткеніміз үшін сөз естиміз. Өзіміздің құқығымыз ғана емес, жанымыз да тапталатын ой шеңберімізде өмір сүріп жатқанда, озық елге айналмаймыз. Біз ою-өрнектің киелі нәрсе емес, біздің ата-бабаларымыздың, сіз бен біз сияқты қарапайым адамдардың шығармашылығы екенін түсінуіміз керек”, – деді продюсер. 

Айта кетейік, Тұрсен Алагөзов жұбайы Баян Мақсатқызының қандай әйел екенін айтты. 

Талқылау