"Бұл табиғи нәрсе": Қорғаныс министрі Арыстағы жарылыс үшін халықтан кешірім сұраудан бас тартты (видео)
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап берді.
Министрдің жауабы айтылған видеоны журналист Ерғанат Көпжасар парақшасында жариялады.
Қорғаныс министрі Арыстағы әскери бөлім мен арсеналды көшіруге қанша ақша жұмсалатыны жөнінде айтты. Ермекбаевтың айтуынша, әлі нақты сома шықпаған. Қазір есептеу жүріп жатыр. Бірнеше миллирд теңге жұмсалуы мүмкін.
Журналистің бірі министрге "Арыста болған жайтқа қатысты халықтан кешірім сұрайсыз ба?" деген сауал қойды.
"Бұл кінәлі жағдай емес. Бұл табиғи нәрсе. Арсеналдың өзіндік қауіптері болады. Сондықтын әзірше кешірім сұрайтын жағдай көріп тұрған жоқпын", - деді министр.
Айта кетейік, қалада жарылыс дыбыстары естілетін болады: Арыста әскерилер оқ-дәрі бөлшектерін жоюды бастады.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады