Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кешірім сұраймын. Әйел болудан қашпаңыз": Аман Тасыған министрді жылатып алды

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қабырғасын қайыстырған өміріндегі ауыр жаңалығын бөлісті. Айтуынша, бұл әлемде жанына жақын адамдарын жоғалтып алудан қорқады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Аман Тасығанның Youtube видеохостингіндегі арнасына сілтеме жасап. 

Аман Тасыған

Сурет: Видеодан скриншот

«Анам жақында кетті ғой. Осындай сәттерде әйелдігің шығып кетеді. Өзіме, жүрегіме жақын кісілерді жоғалтудан қорқамын. Содан сақтасын. Анам, әкем, қайын атамды сағынып жүрмін. Сондай нәрсені сұрап жібердіңіз», - деп көзіне жас алды министр. 

Бағдарлама жүргізуші Аман Тасыған өз кезегінде Ақтоты Райымқұловадан кешірім сұрап, мұның нәзік жаратылысқа тән дүние екенін айтты. 

«Кешірім сұраймын. Әйел болудан қашпаңыз. Өйткені ол сіздің жаратылысыңыз ғой», - деді ол. 

Министр Ақтоты Райымқұлова әр күніне шүкіршілік айтса да, бір кем дүниесінің барын жасырмады. Ол да дәл қазір жанына жақын адамдарының қасында болмауымен байланысты. 

«Әттеген-ай, қасымда әкем, анам, қайын атам болса деген ойлар келеді. Әрине, ол өмірдің заңы. Осы кісілердің маған берген тәрбиесі мен олардың өмірлік ұстанымы қоғамның, өзімнің туған-туыстарымның, балаларымның алдында өзімді жоғары көтеріп, мемлекетімізге еңбегім еленіп, лауазымға келгенде адалдықпен жұмыс істеуге көмектесіп отыр», - дейді Ақтоты Райымқұлова. 

Сондай-ақ, ол өзі басқарып отырған сала мүмкіндігінше жақсы да, жаңашыл дүниелер әкелгісі келетінін айтты.  

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда балалармен митингіге шыққан ата-аналар жазаланады

Мәжіліс депутаттары заң енетін түзетулермен келісті

Қазақстан президентінің кеңесшісі тағайындалды

Президент Әлия Рақышеваны қызметінен босатты

"Байбек секілді ұстап алғыларың келе ме?": Шөкеев Түркістанда түскі ас құны қанша екенін айтты

Шөкеев: "Бір кездегі 500 теңгелік түскі ас туралы айтқан Бауыржан Байбек секілді ұстап алғыларыңыз келе ме?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда құс тұмауы жоқ екенін мәлімдеді

Қазақстан құс тұмауынан аулақ болған ел болып танылды

Бірінші орында Lada: Қазақстандықтар қандай отандық құрама көліктерді сатып алады

Қазақстандықтар отандық құрама машиналарын сатып алуда белсенді бола бастады

Ғалымдар артық салмақтан арылудың ең оңай жолын айтты

Мамандар: Құпия кілті – физикалық белсенділік

"Өліп қаламын ба деп қорықтым": Ер адам дәрігерлердің сөзінен кейін 215 келіге арықтады

Ер адам: Клиникадан шыққаннан кейін отыра қалып, еңіреп жыладым

Ресейлік шұжықтан африкалық оба дерті анықталды

Вирус жылдың кез-келген уақытында тез тарала бастайды

"Менің де саясаттан хабарым жоқ": Зеленскийдің "сыңары" арасында оны алмастырып тұруға дайын екенін айтты

Умид Исабаев жуырда Мәскеуге көшіп барған болатын

Дәрігер өзін камераға түсірмек болған әншінің басын жарып, соққының астына алды

Оқиға сұлулық салонында болды
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр