"Кешірім сұрамады": Өскеменде кафе қызметкерлері тұрғынды ұрып-соққан
Өскеменде кафе күзетшілері тұрғынды соққыға жықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Үлбі қалалық полиция бөліміне облыс орталығының 47 жастағы тұрғыны түнгі уақытта ЖШС күзетшілері оған дене жарақатын салғанын хабарлады.
“Тәртіп сақшылары дереу қаскөйлерді іздеуге кірісті. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері кафеде күзетші және жүргізуші болып жұмыс істейтін 19 жастағы екі күдіктіні ұстай алды", – делінген хабарламада.
Жігіттер өз кінәсін жоққа шығармады және ер адам олардың біреуінің иығына тиіп, кешірім сұрамағанын айтты, содан кейін төбелес басталды.
"Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР ҚК 252-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілерге бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру қауіп төніп тұр", – деді полиция.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан