"Кешірім сұрады": Баланы қағып, қашып кеткен қазақстандық жігіт Оңтүстік Кореяға өз еркімен қайтып оралды
Оңтүстік Кореяда 7 жасар баланы қағып кетіп, елден қашып кеткен қазақстандық жігіт аталған мемлекетке өз еркімен қайтып оралды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі M.yna.co.kr басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым мәліметінше, жол апатына кінәлі жігіт Оңтүстік Кореяға өз еркімен оралып, апат үшін кешірім сұраған. Ол Инчхон әуежайына келген.
Еске сала кетсек, бұған дейін Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында 20 жастағы қазақстандық жігіт үйіне кетіп бара жатқан 7 жасар баланы қағып кеткені хабарланған еді. Алайда ол ертесі күні мемлекеттен кетіп қалған. Ал бала апат салдарынан ауыр жарақат алған. Оның миына қан құйылып, бас сүйегі сынған көрінеді.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға түсініктеме беріп, қазақстандық азаматтың үшінші елдің аумағында жасырынып жатқандығын айтты.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”