AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кесарь тілігін жасаңдаршы деп жалындым": Майя Манеза екінші баласын өмірге қалай әкелгенін айтты

Олимпиада чемпионы Майя Манеза қызын қалай өмірге әкелгенін айтты. Спортшы 2021 жылы 9 тамызда Алина есімді қызды дүниеге әкелді. 

"Бізді емханадан шығарып салған дәрігерлер біздің Алиночкаға Супермен есімін берді. Неге екенін білесің бе? Тууы өте қиын болды және 13 сағаттан астам уақытқа созылды, мен кесарь тілігін жасауды сұрадым, бірақ дәрігерлер мұндай мықты ананың қызы жолды өзі табады және табиғи түрде өмірге келеді деді. Содан кейін керемет болды: біздің нәресте оң қолын созып туылды. Ол емханада Супермен атанып кетті”, – деді Майя Манеза.

Ол перинаталдық орталық дәрігерлеріне және сәбиінің дүниеге келуімен құттықтағандардың барлығына алғысын білдірді.

"Бүгін шығаруға келгісі келетіндер көп болды, бірақ біз санитарлық талаптарды бұзбай, үйге тыныш қана отбасыммен баруды жөн деп шештік. Достар мен туыстар түсінетініне және кешіретініне сенімдімін", – деп жазады спортшы.

Бұл ауыр атлеттер Майя Манеза мен Вячеслав Ершовтың бірінші баласы емес. 2013 жылдың тамызында олардың ұлы Арсен дүниеге келді. Майя Манеза мен Вячеслав Ершов 2013 жылдың сәуірінде үйленді.

Манеза – қазақстандық ауыр атлет, екі дүркін әлем чемпионы (2009 және 2010), 63 келіге дейінгі салмақта 2011 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

2016 жылы Халықаралық Олимпиада комитеті Манезаны допинг қолданғаны үшін 2012 жылғы жазғы Олимпиаданың алтын медалінен айырды.

Спортшы 2021 жылы 9 тамызда Алина есімді қызды дүниеге әкелді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр