Кентаудағы жылу электр орталығында төрт қазандық өшіп қалды
Кентау жылу электр орталығындағы төрт қазандық түгел өшіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, 13 желтоқсан күні сағат 20:16-да ЖЭО-да электр жүйесіне қосылатын электр беру желілері істен шыққан кезде төрт қазандық та өшіп қалған. Сағат 20.34-те режим қалпына келтірілді.
Сондай-ақ басқарма жылу электр орталығындағы № 5, 6, 7, 12 қазандықтардың жөндеу жұмыстары аяқталғанын хабарлады.
"№8, 11 қазандықтарды жөндеу жұмыстары 58 пайызға орындалды. Жөндеу жұмыстарын 20 желтоқсанда аяқтау жоспарланып отыр. №9, 10 қазандықтарды жөндеу жұмыстары 50 пайызға орындалды. Жөндеу жұмыстарын 2024 жылдың 30 наурызында аяқталады деп күтілуде. Жылу желілерінің кестесі 70/45, нақты 68/440С", - делінген хабарламада.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"