Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кеншілер жұмысқа орналасу үшін несие алуға мәжбүр болған: Үкіметтік комиссия тексеру жүргізіп жатыр

Бұған дейін қоғам арасында кеншілерді жұмысқа орналасуы үшін несие алуға мәжбүрлегені туралы ақпарат тараған еді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі осы сұраққа жауап берді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Халық ішінде "АрселорМиттал Теміртау" көмір департаментінің жаңа басшысы Вадим Басин кәсіпорынға жұмысшыларды жұмысқа орналастырудың схемаларын ойлап тапты деген пікір пайда болған.

Алайда еңбек министрлігі бұл жайында ешқандай мәлімет жоқ екенін айтады.

“Еңбек инспекциясы үкіметтік комиссияның құрамына енді, олар бұл жұмысты міндетті түрде жүргізеді. Ал Басин жайында ешнәрсе айта алмаймын. Мемлекеттік комиссия жұмысын аяқтаған соң заңға сәйкес шараларды анықтайды”, – деді Тамара Дүйсенова.

Жалпы, кеншілердің жалақысы 300 мыңнан 1,6 миллион теңгеге дейін жетеді. Жалақы еңбек өтіліне байланысты. Бұл жөнінде де Дүйсенова айтқан болатын.



“Олардың арасында жас жұмысшылар, жұмысқа жаңадан келгендер де болған. Сол себепті жалақы мөлшерінде осындай айырмашылық бар. Олардың біліктілігі мен кәсібилікке да байланысты”, – деген еді ол.

Ол сондай-ақ кеншілердің жалақысын көтеру туралы да айтып өткен.

“Олардың ұжымдық шартында жұмыс көлемін аяқтағаны үшін тиісті қосымша төлемдер қарастырылған. Өткен жылдары - инфляция деңгейінде, содан кейін олар өндіріс көлемі бойынша қарастырылды”, – деген Тамара Дүйсенова.

Талқылау