Қарағандыда қаза тапқан кеншілердің қанша жалақы алып келгені белгілі болды
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің қанша жалақы алып келгенін айтты. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дүйсенованың айтуынша, марқұм кеншілердің арасында жас жұмысшылар болғандықтан айлық мөлшерінде біраз айырмашылық болған.
“Сандық отбасы картасын пайдаланып, олардың табысы туралы деректерді қарадық. 300 мыңнан 1,6 миллион теңгеге дейін, өйткені олардың арасында жас жұмысшылар, жұмысқа жаңадан келгендер де болған. Сол себепті жалақы мөлшерінде осындай айырмашылық бар. Олардың біліктілігі мен кәсібилікке да байланысты”, – деп түсіндірді вице-премьер.
- Қарағандыдағы жарылыс Миттал шахталардан бас тартуға келісім бергеннен кейін бір апта өтпей жатып болған
- "Шахта жабдықтары жылжып кеткен": Министр Шәріпханов Костенко шахтасында қандай заңбұзушылықтар болғанын айтты
Ол сондай-ақ кеншілердің жалақысын көтеру мәселесі жыл сайын қаралатынын айтты.
“Олардың ұжымдық шартында жұмыс көлемін аяқтағаны үшін тиісті қосымша төлемдер қарастырылған. Өткен жылдары - инфляция деңгейінде, содан кейін олар өндіріс көлемі бойынша қарастырылды”, – деді Тамара Дүйсенова.
Алматылықтар үй сыртындағы "тарихи тақталарды" алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"