Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кения президенті ислам дінін қабылдаған соң көз жасын тоқтата алмады (видео)

Кения президенті Ухуру Кениата Бахрейн королдігіне жасаған ресми іссапары барысында Ислам дінін қабылдап, мұсылман атанды.

xlarge

Әсерлі сәт жайындағы бейнебаян әлеуметтік желілерде кеңінен таралған деп жазады  muslim.kz.

Бейнебаянда қатты толқыған кения президентінің көз жасына ерік берген сәті де көрсетілген. Ал, жан-жағын қаумалаған дамдар оны кезекпе-кезек құттықтау үстінде.

Айта кетейік, Ухуру Кениата 2013 жылдан бері билік құрып келеді. Ал оның әкесі Джомо Кениата азаттық үшін күрес жүргізген көтерілісші қаһарман ретінде «кения халқының әкесі» саналады.

Ал, Кения халқының діни құрылымына келер болсақ, шамамен жартысына жуығы протестанттықтар. Ал, төрттен бірі католик дінінде. Әрбір оныншы тұрғын Ислам дінін ұстанатын көрінеді.

Жіберіп алмаңыз:

Мұсылмандар актриса Линдси Лоханды Ислам дінін қабылдауымен құттықтады

Мұсылман көршісінің әсерімен Исламды қабылдаған американ қызының оқиғасы

Ресейлік танымал актер бір ай бойы Құранды оқып, ислам дінін қабылдады

Талқылау