Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Келіспеушіліктер көп болды": "Нысана" театрының актері Дәнекер Оразбай Әбунасыр Серіковпен арада болған кикілжің туралы айтты

"Нысана" театрының белді мүшесі әрі режиссері Дәнекер Оразбай “Ұйқым келмейді” бағдарламасында театр директоры Әбунасыр Серіковпен арада болған түсініспеушілік туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Біз Әбунасыр Серіковпен 10 жыл бірге жұмыс істедік. Театрды ұрыс-керіс, айқай-шудың арқасында тарады деп айта алмаймын. Командалық жұмыс болған соң ондай болып тұрады. Ол кісі директор, мен режиссер болдым. Келіспеушіліктер көп болды. Театр тарамай тұрып, соңғы жағында жаздың ыстық күнінде көрермен мәдениет сарайына келіп, концерт көрмейді. Жазда залда 27 адам отырады. Оған Әбунасыр ағамыз: “Шығамыз, біз өнер адамымыз. Баруымыз керек. Үш адам болса да концерт береміз” деп айтты. Сонда күннің ыстығында әбіржіп жүргенде балалардың атынан қатты сөйлегенім бар. Бұл жұмыс барысында болатын қалыпты дүние”, – дейді Дәнекер Оразбай.

“Нысана” театрының мүшесі Нұрбол Айтулов не себепті тарағанын түсіндірді.

“Қайбір жылы Әбеке ауырып, қант диабетіне шалдықты. Одан мойнында жарық (грыжа) пайда болды. Содан ол кісі денсаулығымен әлек болып кетті. Денсаулығы дұрыстала бастағанда карантин басталды. Одан концерт түгілі үйден шыға алмай қалдық”, – деді Нұрбол Айтулов.

Талқылау