Келінінің басын шапқан ер адам 13 жылға бас бостандығынан айырылды
Өзбекстанда 64 жастағы ер адам келінінің басын кесіп тастағаны үшін 13 жыл 2 айға сотталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.
Осыған дейін Өзбекстанда қайын атасы келіні дәмсіз тамақ пісіргені үшін оны өлтіріп, басын кесіп алғаны айтылды. Ер адам жанжалдан кейін келінін ұрып-соққан. Жас келіншек есінен танып қалғаннан кейін қайын атасы оны көлікке салып, тау бөктеріне апарды. Онда ол ас үй пышағымен келінінің басын кесіп, денесін қоқысқа лақтырды. Денесін кесіп, сөмкеге салған да, оны жол жиегіне іліп қойған.
Ферғана облысының аудандық соты 64 жастағы тұрғынға үкім шығарды. Ол "Қасақана қорлап, кісі өлтіру" және "Мәйітті қорлау" баптары бойынша кінәлі деп танылды. Сот шешімімен зейнеткер 13 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді