"Келін деген еркі жоқ құл": Баян Алагөзова дұрыс тәрбие беру туралы
Баян Алагөзова дұрыс тәрбие беру туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The real gap бағдарламасына сілтеме жасап.

"Біздің миымызда келін деген еркі жоқ құл деген ұғым қатып қалған. Аузыңды жауып, өзіңнің ойыңды айта алмайсың. Келіннің өзіндік мені, пікірі, құқы бар дегенді ойламайды", - дейді Баян Алагөзова.
Сонымен қатар Баян Алагөзова өз қыздарына қандай тәрбие беріп жатқанын айтты. Өмірінде бір рет болсын ер адамға дауыс көтермеген ол қыздарына да сондай болуды үлгі ретінде көрсетіп бергенін айтады. 25 жыл тұрмыста болған продюсер осылайша мақтанды.
"Ер адамды құрметтеу керек, оның пікіріне құлақ асу керек. Бірақ оз ойыңды айтып, таңдауыңды жасауға құқың болуы қажет. Мен қыздарымды осылай өсіргенмін, өсіріп келемін. Одан кейін тәрбие деген сенің өзің. Сен кез келген нәрсені айтуың мүмкін. Бірақ қалай жасайсың, солай болады. Мен балаларыма ер адамды құрметтеуді үйреттім. 25 жыл тұрмыстық өмірімде ер адамға дауыс көтеріп көрген емеспін", - дейді Баян Алагөзова.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған