Кей сыныптардың оқулығы неліктен қайта басып шығарылады. Оқу-ағарту министрі түсіндірді

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қазақстандағы мектеп оқулықтарының толық жаңартылуына қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрдің айтуынша, биыл 30 желтоқсанға дейін 4–9-сыныптардың, ал келесі жылдың 1 сәуіріне дейін 8-сыныптың оқулықтары жаңартылады.
“Дүниежүзі тарихы мен Қазақстан тарихы пәндерінің оқулықтары ғана ерекшеленеді. Қазір осы пәндер бойынша жеті томдық академиялық басылымның жарыққа шығуын күтіп отырмыз. Ал қалған пәндердің оқулықтары қайта басылып шығарылады”, – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Министрдің айтуынша, Қазақстан заңнамасына сәйкес мектеп оқулықтары әр бес жыл сайын қайта басылып шығуы тиіс.
“Қазір мектептерде 2017 жылы жарық көрген оқулықтар қолданылып келеді. Біз оларды қайта сараптадық. Осы уақыт ішінде оқу бағдарламалары жаңартылды. Сондықтан оқулықтардың мазмұны да жаңартылады”, – деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда алдағы үш жылда жаңа оқулықтар шығарылып, мектеп бағдарламасы жаңартылатыны туралы жазған едік.
"Төсеме деп айтқаным үшін әкемнен сөз естідім": Қазақстандықтар етеккір туралы айтуды "ұят" көретіндерді сынады
Оқыңыз