Қазақстандықтар енді өз жүргізуші куәлігімен БАӘ-де де көлік тізгіндей алады

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері жүргізуші куәліктерін өзара тану жөніндегі меморандумға қол қойды. Құжат екі ел азаматтарына жүргізуші куәліктерін жеңілдетілген тәртіппен пайдалану және айырбастау мүмкіндігін береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы меморандумға қол қойды. Құжат күшіне енгеннен кейін екі елдің азаматтары жүргізуші куәліктерін жеңілдетілген тәртіппен пайдаланып, қажет болған жағдайда айырбастай алады.
Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді. Бұл туралы Қазақстан Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Меморандумға Қазақстанның Ішкі істер министрі Ержан Саденовнің БАӘ-ге жасаған жұмыс сапары кезінде қол қойылған. Келіссөздер барысында екі ел құқық қорғау саласындағы ынтымақтастықты, соның ішінде киберқылмысқа, трансұлттық қылмысқа және есірткі айналымына қарсы күрес мәселелерін де талқылаған.
Жаңа келісімге сәйкес Қазақстан мен БАӘ бір-бірінің ұлттық жүргізуші куәліктерін өзара таниды. Сондай-ақ құжатта көрсетілген жағдайларда жүргізуші куәлігін жеңілдетілген тәртіппен айырбастау мүмкіндігі қарастырылған.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл сайын Біріккен Араб Әмірліктеріне шамамен 400 мың қазақстандық барады. Бұдан бөлек, бұл елде 14 мыңға жуық Қазақстан азаматы тұрақты тұрады. Жаңа келісім сол азаматтардың құжат рәсімдеуін жеңілдетуге бағытталған.
Меморандум екі ел барлық қажетті ішкі рәсімдерді аяқтағаннан кейін ғана күшіне енеді. Сапар барысында қазақстандық делегация БАӘ-нің төтенше жағдайларды басқару жүйесімен танысып, EDGE Group өкілдерімен де кездесті. Кездесуде жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және құқық қорғау органдарына арналған заманауи технологиялар талқыланды.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсырып жатқан қыз автодромда көлікті басқара алмай, аударып алған еді. Оқиға мамандандырылған ХҚКО аумағындағы жабық автодромда болған. Полицияның мәліметінше, зардап шеккендер болмағандықтан, емтихан тапсырушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылмаған.
"Төсеме деп айтқаным үшін әкемнен сөз естідім": Қазақстандықтар етеккір туралы айтуды "ұят" көретіндерді сынады
Оқыңыз