KEGOC пен “Самұрық-Энерго” компанияларында қанша басшы жұмыстан шыққаны айтылды

KEGOC пен “Самұрық-Энерго” компанияларында қанша басшы жұмыстан шығарылғаны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
KEGOC басқарма төрағасы Нәби Айтжановтың сөзінше, қысқарту тек бас компанияда жүргізілген жоқ. Еншілес “Энергоинформ” ұйымында да жүргізілді.
“Иә, бізде атқарушы дирекцияда және “Энергоинформ” еншілес компаниясында қызметкерлерді қысқарту жұмыстары жүргізілді. Барлығы шамамен 39 адам қысқартылды. Бұл тек Астана қаласына қатысты. Өңірлердегі филиалдарға әсер еткен жоқ”, – деді ол.
Ал “Самұрық-Энерго” компаниясында басқарушы директорлар қысқартылмаған. Компания басшысы Қайрат Мақсұтов олардың саны жеткілікті екенін айтты.
“Басқарушы директорлар бойынша қысқарту болған жоқ. Олардың саны ожеткілікті деп есептейміз. Әрқайсысы өз бағытына жауап береді. Алайда тең басқарушы директорлардың екеуі қысқартылды. Сонымен қатар бір департамент директоры қысқартылған болуы мүмкін. Жалпы орталық аппаратта оңтайландыру жүргізілді”, – деді ол.
Айта кетейік, қысқартулар тек Астанадағы қызметкерлерге қатысты болды.