Астанада электр энергиясы неліктен қымбат: Энергетика министрлігі себебін айтты

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Астанада электр энергиясы тарифінің неліктен өсіп жатқанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазір елордада "Астана электр желілерін тарату" компаниясы тарифін көтеру мәселесі талқыланып жатыр.
Вице-министрдің айтуынша, тарифтерді Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен Ұлттық экономика министрлігі бекітеді. Оған сәйкес барлық себеп жария тыңдау кезінде ашық түсіндіріледі.
Оқыңыз“Қала өсіп келеді, желілер мен қосалқы станцияларды жаңғырту қажет. Сонымен қатар желілік ұйымдардағы қызметкерлер жалақысы ел бойынша орташа деңгейден төмен. Сондықтан тарифтің өсуіне негіз бар”, – деді вице-министр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда алдағы уақытта электр энергиясының тарифтері қымбаттайтыны туралы жазған едік.