Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мұнай экспортын жеткізетін жаңа инвестормен келіссөз жүргізді

мұнай экспорты
Фото: freepik.com

Астанада "ҚазМұнайГаз" басшысы Асхат Хасенов пен Жапония сыртқы істер министрлігінің өкілі Арфия Эри мұнай жеткізу мүмкіндігін және бірлескен экологиялық жобаларды талқылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, Қазақстан Жапонияға мұнай жеткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Астанада "ҚазМұнайГаз" басшысы Асхат Хасенов Жапония СІМ өкілдерінің бірі Арфия Эри бастаған делегациямен кездесіп, осы мәселені талқылады.

Кездесуде екі елге де тиімді болатын мұнай экспортын ұйымдастыру жолдары сөз болды. Сонымен қатар, қазақстандық тарап жапон компанияларын еліміздегі жаңа мұнай кен орындарын іздеу жобаларына қатыспақ. Бұл жаңа технологиялар әкелуге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Әңгіме тек мұнаймен шектелген жоқ. Тараптар экология мәселесін де көтеріп, метан шығарындыларын азайтатын ортақ жобаларды талқылады. Мұндай бастамалар Қазақстан мен Жапония арасындағы арнайы келісім аясында жүзеге асуы мүмкін.

 Жалпы, екі ел алдағы уақытта тек мұнай саласында емес, "жасыл" энергетика бағытында да бірлесіп жұмыс істеуге ниетті.

Еске салайық, бұған дейін Жапония Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты мұнай импортын әртараптандыруды қарастырып жатқанын жазған едік. Ормуз бұғазының жабылуы Токиоға жеткізушілерді қайта қарап, Қазақстанды балама бағыттардың бірі ретінде қарастыруға түрткі болды.

Айым Атамбаева
Сейсенбі, 05 Мамыр, 2026 11:38