"Қазарнаулыэкспорт" компаниясы бас директорының міндетін атқарушы қамауға алынды
"Қазспецэкспорт" компаниясының бас директорының міндетін атқарушы Аршат Аяғанов қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: sputnik-abkhazia.ru
Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, Аршат Аяғанов 2024 жылы 23 ақпанда броньдалған әскери техниканы жеткізу бойынша мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау кезінде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталған.
Қылмыстық кодекстің 201-бабы бойынша өзге ақпараттар жария етілмейді.
Еске салайық, бірнеше күннен бері интернетте Қазақстанның әскери-өнеркәсіп кешеніндегі (ӘӨК) сыбайлас жемқорлыққа қатысты атышулы іс бойынша тінту жүргізілгені туралы ақпарат тарап жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда көпқабатты үйдің кіреберісіне тастап кеткен сәбидің ата-анасы ұсталғаны туралы жазған едік.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды