Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлықпен ұсталғандар мемлекеттік сатып алуға қатыса алмайды – Вице-министр

Бұдан былай жемқорлықпен ұсталғандар мемлекеттік сатып алуға қатыса алмайды. Бұл жөнінде қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

"Мемлекеттік сатып алу туралы" жаңа заң жобасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған ережелер қарастырылған. Аталған құжатты қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мәжілісте таныстырды.

“Мемлекеттік сатып алуды іске асыру қағидаттарының қатарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзу әрекеттеріне, мүдделер қақтығысына жол бермеу қосылды. Осы ретте әлеуетті өнім беруші, оның басшысы немесе құрылтайшылары бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаса, онда мемелекеттік сатып алуларға қатыса алмайды”, – деді Дәурен Кеңбейіл.

Қазір бұл заң жобасы шеңберінде сатып алу үдерісін реттеуді оңайлату және бюрократиядан арылту мақсатында шағымдарды қараудың жаңа тетігін енгізу ұсынылып отыр. Сондай-ақ бақылаушы органның рөлін қайта қарау туралы ұсынысы да бар.

Талқылау