"Қазір жүрегім бос деп айта алмаймын": Салтанат Нүкенованың ағасы бұрынғы некесі туралы айтты
Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Тимур Балымбетовке берген сұхбатында бұған дейін үйленгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Айтбек Амангелді өз сөзінде бұрын үйленгенін, ажырасуға әйелі екеуінің мінезі келіспегені себеп болғанын айтты.
"Көпшілік айтып жүргендей, ұрып-соғу, тұрмыстық зорлық-зомбылық болған жоқ. Жай ғана мінезіміз келіспеді. Ол кезде біз жас болдық, қарапайым тұрмыстық дүниелерді түсінбедік, өзіміз қалағандай өмір сүру үшін жеткілікті табысымыз болмады. Үй жалдап тұрдық, көлігіміз де болмады", – дейді Айтбек Амангелді.
Айтуынша әйелімен ешқандай ұрыс-керіссіз, тыныш қана ажырасқан.
"Мен балалы болуды армандадым. Маңайымдағы достарымның бәрі балалы еді. Бірақ ол арманым орындалмады. Біз ешқандай ұрыс-керіссіз, тыныш қана ажырасып кеттік. Әркім өз жолымен кетті. Бір-бірімізге ешқандай өкпе, ренішіміз жоқ, қазір ешқандай байланысымыз да жоқ", – деді Айтбек Амангелді.
Айтбек сонымен қатар оқырман тарапынан қойылған "Қайтып үйленгіңіз келе ме, қазір жүрегіңіз бос па?" деген сұраққа да жауап берді.
"Әрине үйленгім келеді. Бұл өмірде ешкім жалғыз болғысы келмейді. Бірақ жүрегім бос деп айта алмаймын”, – деп жауап берді Айтбек Амангелді.
Бұған дейін Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың бала қағып өлтіргені туралы айтқан еді.