Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарыз алып қажылыққа бару шариғат бойынша дұрыс деп есептелмейді

Қазақстан мұсылмандарын Сауд Арабиясына қажылыққа бару үшін несие және қарыз алмауға шақырады. Бұл туралы «Хазірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Мақсатбек Қайырғалиев айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

кажылык

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының (ҚМБД) хабарлауынша, былтыр елімізден қажылыққа 3000 адам барған болса, биыл  3200 адамға квота бөлінген. 

Мақсатбек Қайырғалиевтің айтуынша, қажылық ету және зекет беру (мұқтаж жандарға берілетін төлем) жағдайы бар мұсылмандарға ғана міндет етіледі.

«Сол себептен қажылыққа баратын адамның ақшасы болуы керек және ол кеткенде отбасы ешнәрсеге мұқтаж болмауы тиіс. Бұл талаптарға сай емес кісілерден қажылыққа бару міндет етілмеген. Сондықтан қарыз алып қажылыққа бару шариғат бойынша да дұрыс деп есептелмейді», – дейді Мақсатбек Қайырғалиев.

Сауд Арабиясына қажылыққа баратындарды "Scat" және сол елдің "FlyNas" авиакомпаниясы тасиды. Алғашқы рейс Ақтау және Шымкент қаласынан ұшу жоспарланып отыр. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерінің айтуынша, елімізде 530 мешітте қажылық тәртібін түсіндіру бойынша оқу семинары өткізілуде.
 

Талқылау