"ҚазАвтоЖол" ауа райына байланысты қазақстандықтарды мұқият болуға шақырды

"ҚазАвтоЖол" ауа райына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда мұқият болуға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Компанияның хабарлауынша, Қазақстанның кейбір өңірлерінде жолдарда күрделі ауа райы болуы мүмкін. 16 наурыз күні мына облыстарда кей жерлерде қар жауып, боран соғады:
- Шығыс Қазақстан облысы
- Павлодар облысы
- Қарағанды облысы
- Абай облысы
Ауа райының нашарлауына байланысты жолдың кейбір бөліктерінде көріну қашықтығы төмендеп, қозғалыс қиындауы мүмкін. "ҚазАвтоЖол" жүргізушілерді сақ болуға шақырып, жолда жылдамдық режимін сақтауды, ауа райының нашарлауын ескеруді және көліктер арасындағы арақашықтықты қатаң ұстануды ескертті.
Жолдардың жағдайы мен қозғалысқа қойылған шектеулер туралы ақпаратты тәулік бойы 1403 колл-орталығына хабарласып білуге болады.
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”
Джульеттаның кеудесін ұстап, құлпытасты сүйеді: Әлемдегі ең оғаш туристік ырымдар тізімі
Stan.kz редакциясы ерекше жоралғыларға шолу жасады