"Қазақмыс" Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны атанған сәбиге ақшалай сыйлық табыстады
"Қазақмыс" Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны атанған сәбиге ақшалай сертификат табыстады.

2023 жылы 14 қарашада дүниеге келген Ақылбек Томирис Сұңғатқызы Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны атанды. Сәбидің туған күніне орай Қазақмыс нәрестенің ата-анасына миллион теңгенің сертификатын табыс етті.

Бұл оқиға жақында құрылған Ұлытау өңіріндегі Жезқазған қаласында орын алды, сондықтан бұл жаңа өңір үшін екі есе маңызды болып отыр. "Қазақмыс" компаниялар тобының ең ірі өндірістік алаңы Жезқазғанда орналасқан және әлеуметтік бағыттағы компания ретінде өзі жұмыс жасайтын аймақтың барлық тұрғындарына қамқорлық жасайды.
“Томирис пен оның ата-анасын керемет қуаныштарымен құттықтаймыз! Гүлденген, азат Қазақ елінде Томирис қызымыз баршаның қуаншына бөленіп өсе берсін! Бауы берік болсын”, – делінген хабарламада.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен