Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақтарға қатысты "мәмбет" сөзін қолданған ресейлік басылымның редакторы жұмыстан босатылды

Қазақтарға қатысты "мәмбет" сөзін қолданған Петр Бологов "Медиазона. Орталық Азия" басылымының бас редакторы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде сайт басшылығы мәлімдеді.

Петр Бологов

Дереккөз ҚазТАГ

"Медиазона. Орталық Азия" сайтының редакторы қазақтарға қатысты "мәмбет" сөзін қолданғаны үшін жұмыстан босатылды", – делінген дүйсенбі күні тараған ақпаратта.

"Медиазона" бас редакторы Сергей Смирновтың дауға қатысты түсініктемесін қоса жариялаған.

"Біз Петр Бологовпен серіктестігімізді тоқтаттық – ол бұдан былай "Медиазона. Орталық Азия" сайтының редакторы емес. Талқылау барысында ксенофобиялық лексика қолданылғаны белгілі болды. Сіздердің қарсы әрекетті бұдан ерте күткендеріңізді түсінемін, бірақ жағдайды редакциядағы барлық журналистермен талқылау керек болды. Сіздерді күттіріп қойғаным үшін кешірім өтінемін", – деді Смирнов.

Оның айтуынша, қазақстандық журналистер – Никита Данилин мен Мәдина Қуанованың жұмыстан босатылуы дұрыс болмаған.



"Редакциядағы дау туралы біле отыра жұмыс іздеу туралы хабарламаға өте эмоционалды түрде жауап бердім. Өкінішке орай, екі тараптың да себептерін егжей-тегжейлі тексермедім. Эмоциямның кесірінен мен өзімді дұрыс ұстамадым. Мадина мен Никитадан кешірім сұраймын. Сондай-ақ барлық оқырмандардың алдында басымды иемін", – деді Смирнов.

Петр Бологов – ресейлік журналист, редактор.  РИА Новости, Лента, РБК және басқа да бірқатар БАҚ-та жұмыс істеген. Посткеңестік елдер бойынша сарапшы және  тәуелсіз журналист.

Еске салайық, бұған дейін "Медиазона.Орталық Азия" онлайн-басылымының журналистері Мадина Қуанова мен Никита Данилин редактордың этикаға жат сөздерін әшкерелеп, кейіннен жұмыстан шығарылғаны белгілі болған.

“Медиазона. Орталық Азия” басылымның редакторы редакцияның жұмыс чатында Алматыдағы қаңтар оқиғасын "мәмбеттер революциясы" деп атаған. Журналистер оған наразылық танытқаны үшін олар алдын ала ескертусіз бір күнде жұмыстан қуылған.

 

Талқылау